Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

02 маусымнан бастап Азия даму банкінің XS3389795926 (ASDBe24) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

02.06.2026 17:52 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 02.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 
2026 жылдың 22 мамырындағы шешімімен Азия даму банкінің 
XS3389795926 (ASDBe24; 20,0 млрд теңге; 02.06.26 – 16.10.29; 
жартыжылдық купон, жылдық 16,50 %; actual/365) халықаралық 
облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының 
бағалы қағаздары" секторына енгізілген.

Аталған облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Tengri Partners 
Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 02 маусымынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe24

[2026-06-02]