Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 29 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелерін хабарлады

02.06.2026 18:02 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 02.06.26/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – 
KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – 
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазМұнайГаз", "ҚМГ" немесе "Компания") 2026 жылғы 
29 мамырда дауыс беру арқылы өткен акционерлердің жылдық жалпы 
жиналысының (бұдан әрі – АЖЖЖ) қорытындысын жариялайды.

...

2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы

Акционерлер Компанияның дивиденд саясатын басшылыққа ала отырып 
және 2025 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштер негізінде 
ҚазМұнайГаздың бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін 
573 (бес жүз жетпіс үш) теңге 66 (алпыс алты) тиын көлемінде бекітті. 
Дивиденд ҚМГ-ның 2025 жылғы пайдасынан төленеді. Осылайша, 
дивидендтердің жалпы сомасы 350 001 148 354 (үш жүз елу миллиард бір 
миллион жүз қырық сегіз мың үш жүз елу төрт) теңге және 38 (отыз сегіз) 
тиынды құрайды.

025 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер 2026 жылғы 30 мамырдағы 
жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-дегі жағдай бойынша (GMT +5) 
акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2026 жылғы 5 маусымнан 
төлене бастайды..

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/1454-press-reliz-gosa-29.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_020626_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs__020626_eng.pdf

[2026-06-02]