Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE өзінің интернет-ресурсында Қазақстанның қызмет көрсету саласының PMI мамыр айына Freedom Holding Corp. ұсынған шолуын жариялады

03.06.2026 14:17 · KASE корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 03.06.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 
2026 жылғы мамырдағы Қазақстанның қызмет көрсету саласының іскерлік 
белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.

Төменде Freedom Holding Operations ЖШС Экономикалық зерттеулер және 
талдау жетекшісі Салтанат Мұхамбеталиеваның пікірі келтірілген:

"Қазақстанның қызмет көрсету саласы мамыр айында өсу серпінін сақтап 
қалды, алайда кеңеюден бейімделу моделіне ауысу белгілері байқалады. 
Жаңа тапсырыстар ағынының жалғасуына қарамастан, компаниялар 
маржаның айтарлықтай қысқаруы және баға белгілеудегі шектеулі икемділік 
аясында қызметкерлер санын қысқартуды күшейтуге мәжбүр. Бұл 
кәсіпорындардың операциялық тиімділікке елеулі қысым сезініп отырғанын 
көрсетеді. Халықтың нақты табысының төмендеуі және тұтынушылық 
несиелеудің баяулауы ішкі сұраныс базасын тарылтуды жалғастыруда, ал 
коммуналдық тарифтерді ырықтандырудың (босатудың) әсері алдағы 
айларда ғана толық сіңіріледі. Осы жағдай аясында бір жылдық көкжиектегі 
іскерлік күтулер қалыпты оптимизм деңгейінде сақталып отыр, ал ең жоғары 
тұрақтылық орта бизнес сегментінде байқалады".

Қазақ тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_KAZ_2605_PR_6c129ec875.pdf

Орыс тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_RUS_2605_PR_6fa939a364.pdf

Ағылшын тіліндегі шолу – 
https://kase.kz/uploads/KZ_Services_ENG_2605_PR_72a840ab90.pdf

[2026-06-03]