Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

03 маусымнан бастап Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне өзгертулер қолданысқа енгізіледі

03.06.2026 16:30 · KASE нормативная база поправки в документы новости kase ·
/KASE, 03.06.26/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE) 
2026 жылдың 02 маусымындағы шешімімен 2026 жылдың 03 маусымынан 
бастап қолданысқа енгізілетін "Листингілік рәсімдерді жүзеге асыру 
тәртібі" (Тәртіп) атты KASE ішкі құжатына № 8 өзгертулер (өзгертулер) 
бекітілді.

Өзгертулер листингілік рәсімдерді өзектендіру мақсатында енгізілді және 
рұқсат беру бастамашысының "KASE Global" секторына бағалы қағаздарды 
енгізу туралы өтінішінде IPO не SPO өткізу арқылы акцияларды 
орналастыру фактісі және соңғы есепті күнге еркін айналымдағы бағалы 
қағаздардың саны туралы ақпаратты ашу қажет екенін белгілейді.

Бұдан басқа, Тәртіпке редакциялық түзетулер енгізілді.

Тәртіптің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме 
бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/kase_rules/ ("Листинг" қалташасы).

[2026-06-03]