Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Азия даму банкінің XS3389795926 (ASDBe24) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады

04.06.2026 14:57 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 04.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
05 маусымынан бастап Азия даму банкінің XS3389795926 ("халықаралық 
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe24; 20,0 млрд 
теңге; 02.06.26-16.10.29; жарты жылдық купон, жылдық 16,50%; actual/365) 
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/ASDBe24

[2026-06-04]