Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында рубль мен теңге бағамына бір айлық фьючерстермен (RU-7.26) сауда-саттық ашылады

05.06.2026 09:59 · KASE инструменты новости kase фьючерсы (открытие, закрытие) ·
/KASE, 05.06.26/ – 2026 жылдың 05 маусымынан бастап Қазақстан қор 
биржасында (KASE) 2026 жылдың 16 шілдеснде орындалатын теңгеге 
Ресей рублінің бағамына бір айлық фьючерстермен сауда-саттық ашылады.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген айлық келісімшартқа RU-7.26 
қысқартылған белгісі (сауда коды) берілді.

KASE туынды қаржы құралдарымен KASE-дегі сауда-саттық жұмыс күндері 
Астана қ. уақытымен 10:00-ден 17:30-ға дейін, осы сауда-саттық бойынша 
клирингілік сессия – Астана қ. уақытымен 20:30-дан 21:00-ге дейін 
өткізілетінін еске салады.

Туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа KASE 
деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, 
олардың тізімі KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша 
жарияланған https://kase.kz/ru/clearing/clearing-participants

KASE-дегі фьючерстердің сауда-саттық нәтижелері мына сілтемелер 
бойынша жарияланады https://kase.kz/ru/markets/shares-futures и 
https://kase.kz/ru/markets/foreign-currency-futures

KASE деривативтер нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін ішкі құжаттар 
мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/information/rules 
("Сауда-саттықтар" – "Деривативтер").

[2026-06-05]