KASE цифрлық активтерге ETF сауда-саттығын
ұйымдастырушы ретінде реттеудің айрықша режимі
шеңберінде бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге
асырғаны туралы хабарлайды
11.06.2026 10:58·KASEновости kaseпресс-релизы, различные уведомления биржикорпоративтік оқиғалар·
/KASE, 11.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE, Биржа) Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының
2025 жылдың 23 желтоқсанындағы № 79 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы)
цифрлық активтерге ETF (Exchange Traded Funds) сауда-саттығын
ұйымдастырушы ретінде енгізілген реттеудің айрықша режимі шеңберінде
оларды Биржаның ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізу арқылы
бағалы қағаздар нарығында қызметтің жүзеге асырылғаны туралы
хабарлайды.
Бұл ретте KASE, құны криптография және (немесе) компьютерлік есептеу
құралдарын қолдана отырып, орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде
құрылатын және ескерілетін шамалардың құнына (құнының өзгеруіне)
байланысты болатын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын,
цифрлық активтерге (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге) ETF-пен
мәмілелер мен операциялар жасауға байланысты елеулі тәуекелдер
туралы хабарлайды.
Көрсетілген тәуекелдерге мыналар жатады (олармен шектелмейді):
- активтің құбылмалылық тәуекелдері;
- реттеушілік тәуекелдер;
- қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға),
терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын
таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылмен байланысты тәуекелдер;
- операциялық тәуекелдер;
- нарықтық тәуекелдер.
Реттеудің айрықша режимі шеңберінде Қазақстан Республикасының
ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға жіберілетін нақты
қаржы құралымен мәмілелер мен операциялар жасауға байланысты
тәуекелдер туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін эмитенттің және
(немесе) негізгі листингтің қор биржасының сайтында жарияланған оның
аңдатпасына жүгіну қажет.
Айрықша реттеу режимі шеңберінде KASE қызметін жүзеге асыру шарттары:
1) Қаулымен белгіленген цифрлық активтерге ETF Биржаның ресми
тізіміне енгізудің арнайы шарттарын сақтау;
2) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар
нарығында айналымға жіберілетін қаржы құралдарымен мәмілелер
жасасатын білікті инвесторлардың шекті саны бойынша талапты сақтау
– 400 000 тұлға;
3) Биржаның ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздармен мәмілелердің
шекті жалпы көлемі бойынша талаптарды сақтау – 100,0 млрд теңге.
KASE мүшелерінің (бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың) –
реттеудің айрықша режиміне қатысушылардың қызметін жүзеге асыру
тәртібі, KASE ішкі құжаттарының, оның ішінде Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында қарастырылған құны
(мөлшерлемелері, тарифтері), мазмұны (Қаулыда белгіленген арнайы
шарттар ескеріле отырып) өзгермейді.
KASE орналасқан жері, пошталық және электрондық мекенжайлары,
интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы ақпарат мына
сілтеме бойынша қолжетімді https://kase.kz/ru/about/contacts
Бұл хабарлама инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушыларына арналған.
[2026-06-11]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.