"ҚазТрансОйл" АҚ 2025 жылға KZ1C00000744 (KZTO) жай акциялары бойынша дивидендтер төледі
/KASE, 11.06.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылғы 11 маусымда 2025 жылға "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды 1. 2026 жылғы 28 мамырда "ҚазТрансОйл" АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2025 жылға "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды. 2. Дивидендтер төленетін кезең – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін. 3. Бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 118 (жүз он сегіз) теңге. 4. "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төлеуге жататын қаражаттың жалпы сомасы – 45 386 115 682 (қырық бес миллиард үш жүз сексен алты миллион жүз он бес мың алты жүз сексен екі) теңге. 5. "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы – 45 386 115 682 (қырық бес миллиард үш жүз сексен алты миллион жүз он бес мың алты жүз сексен екі) теңгее. 6. 2025 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің тізімі 2026 жылғы 5 маусым 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша тіркелген. дәйексөздің соңы Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_dividends_110626_5333.pdf [2026-06-11]