Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

15 маусымнан бастап KASE-де екі жай акцияның саудасы тоқтатылады

12.06.2026 15:17 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 12.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 15 
маусымынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-
саттық тәртіптемелерінде репо операциялары бойынша келесі жай 
акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге 
   сәйкес келетін ORACLE CORPORATION US68389X1054 ("KASE Global" 
   секторы, ORCL_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 13 шiлдесiнен бастап 
   қайта басталады

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 20 шiлдесiне және одан кейінгі күндерге 
   сәйкес келетін US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) 
   Caterpillar, сауда-саттық 2026 жылдың 22 шiлдесiнен бастап қайта 
   басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-06-12]