Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

12 маусым күні Қазақстан қор биржасында жеті облыс әкімдіктері 21,0 млрд теңге тартты

12.06.2026 17:01 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 12.06.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының жеті 
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003127 
   (AIK024_312; 1 000 теңге, 5 000 000 000 теңге; 20.05.26 – 20.05.28; 
   жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2,5 млрд теңге;

2) Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003119 
   (DZK024_311; 1 000 теңге, 5 433 380 000 теңге; 20.05.26 – 20.05.28; 
   жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 3,1 млрд теңге;

3) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002939 
   (KOK024_293; 1 000 теңге, 15 539 672 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; 
   жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 4,5 млрд теңге;

4) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002913 
   (KSK024_291; 1 000 теңге, 11 073 923 000 теңге; 27.03.26 – 27.03.28; 
   жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2,5 млрд теңге;

5) Солтүстік-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00002954 (SKK024_295; 1 000 теңге, 9 365 457 000 теңге; 27.03.26 
   – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2,0 млрд 
   теңге;

6) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003218 
   (TKK024_321; 1 000 теңге, 9 206 325 000 теңге; 29.05.26 – 29.05.28; 
   жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1,8 млрд теңге;

7) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00002947 (ZKK024_294; 1 000 теңге, 16 345 601 000 теңге; 
   27.03.26 – 27.03.28; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 
   4,5 млрд теңге.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі 
жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына 
үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды 
және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында 
шығарылды.

[2026-06-12]