Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

19 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында MasterCard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады.

18.06.2026 14:47 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 18.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
19 маусымынан бастап, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық 
тәртіптемесіндегі репо операциялары бойынша, есеп айырысу күні 
2026 жылдың 09 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін, 
MasterCard, Inc. US57636Q1040 ("KASE Global" екторы, MA_KZ) жай 
акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 
13 шілдесінен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі 
құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу 
туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-06-18]