Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

18 маусымнан бастап KASE "Қазақтелеком" АҚ KZ2C00005932 (KZTKb4) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

18.06.2026 15:45 · KASE индекстер мен индикаторлар индексы серии kase_b* новости kase ·
/KASE, 18.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
18 маусымынан бастап негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік 
облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімінен 
олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты "Қазақтелеком" АҚ 
KZ2C00005932 (KZTKb4) облигацияларын (18 маусым – өтеу кезінде 
тіркелген күні) алып тастады.

2026 жылдың 18 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы 
индикаторларының өкілдік тізімі 76 атаудағы облигациялардан тұратын 
болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке 
алмағанда бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін 
корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда-
саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша 
жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf

[2026-06-18]