2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қор, валюта нарықтары мен туынды құралдар нарығының қаржы құралдары бойынша жаңа тәуекел-параметрлер белгіленді
/KACC, 18.06.26/ – KASE Клиринг орталығы (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен қор нарығының, валюта нарығының және туынды құралдар нарығының қаржы құралдары бойынша 2026 жылдың 01 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге тәуекел-параметрлерді белгіленгенін хабарлайды. Бұл ретте, 2026 жылдың 15 маусымы бойынша белгіленген тәуекел- параметрлердің қолданылу мерзімі 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды. Туынды құралдар нарығында қамтамасыз етуде ескерілетін шетел валютасының үлесін анықтайтын шектеу коэффициенті 2026 жылдың 01 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңге 93 % деңгейінде белгіленген. Жаңа тәуекел параметрлерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://kacc.kz/ru/risk-parameters [2026-06-18]