Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00013402 (MFSLb10) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

19.06.2026 10:11 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 19.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
19 маусымынан бастап "Сейф-Ломбард" ЖШС KZ2P00013402 (KASE 
баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSLb10; 1 000 
теңге, 3,0 млрд теңге; 19.06.25 – 19.06.26; тоқсандық купон, жылдық 
20,00 %, 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына 
байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2025 жылың 20 ақпанынан бастап баламалы 
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми 
тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2025 жылдың 14 мамырынан 
бастап ашылды.

[2026-06-19]