19 маусымнан бастап бес атаудағы бағалы қағаздар KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді
/KASE, 19.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылдың 19 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына мынадай бағалы қағаздар енгізілді: 1) iShares Bitcoin Trust ETF US46438F1012 (сауда-саттық коды– IBIT_KZ) ETF; 2) iShares Ethereum Trust ETF US46438R1059 (сауда-саттық коды– ETHA_KZ) ETF; 3) Solana ETF US92864M8221 (сауда-саттық коды– SOLZ_KZ) ETF; 4) Chevron Corporation US1667641005 жай акциялары (сауда-саттық коды– CVX_KZ); 5) ) Space Exploration Technologies Corp. US84615Q1031 жай акциялары (сауда-саттық коды– SPCX_KZ. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. KASE назар аударады: ETF US46438F1012 (IBIT_KZ) және US46438R1059 (ETHA_KZ) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылдың 23 желтоқсанындағы № 79 қаулысымен енгізілген реттеудің ерекше режимі шеңберінде KASE ресми тізіміне енгізілген. Бұдан бұрын осы тақырып бойынша KASE жаңалығы жарияланған болатын: " KASE ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕРГЕ ETF САУДА-САТТЫҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ РЕТІНДЕ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕ РЕЖИМІ ШЕҢБЕРІНДЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ" – https://kase.kz/ru/information/news/show/1568542 [2026-06-19]