Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00003796 (AGKKb7) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.06.2026 09:16 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 22.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
22 маусымынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 
KZ2C00003796 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, AGKKb7; 
1 000 теңге, 32,9 млрд теңге; 22.12.16 – 22.06.26; жартыжылдық купон, 
жылдық 14,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына 
байланысты KASE ресми тізімі шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар 2016 жылдың 22 желтоқсанынан бастап 
"квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" 
санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген, 2017 жылдың 
01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының 
"облигациялар" санатында болады. Олармен сауда-саттық 2017 жылдың 
13 қыркүйегінен бастап ашылды.

[2026-06-22]