Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2012983693 (EBRDe7) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.06.2026 09:30 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 22.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
22 маусымыннан бастап Еуропалық қайта құру және даму банкінің 
XS2012983693 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" 
секторы, EBRDe7; 60,0 млрд теңге, 21.06.19 – 21.06.26; индекстелген 
жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 11,00%; 30/360) 
халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты 
KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы 
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2019 жылдың 21 маусымынан 
бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 09 шілдесінен бастап 
ашылған.

[2026-06-22]