Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің RU000A101RT6 (KZ_18_2606) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.06.2026 09:32 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 22.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
22 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
RU000A101RT6 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KZ_18_2606; 1 000 
рубль, 10,0 млрд рубль; 28.06.21 – 22.06.26; жартыжылдық купон, жылдық 
7,48%; actual/365) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің 
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" 
секторына 2021 жылдың 09 шілдесінен бастап енгізілді. Олармен сауда-
саттық 2021 жылдың 12 шілдесінен бастап ашылған.

[2026-06-22]