25 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Global X Robotics & Artificial Intelligence ETF US37954Y7159 ETF (BOTZ_KZ) сауда-саттығы тоқтатыла тұрады
/KASE, 24.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 25 маусымынан бастап олардың есеп айырысу күні 2026 жылдың 29 маусымына және кейінгі күндерге келетін, KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша Global X Robotics & Artificial Intelligence ETF US37954Y7159 ("KASE Global" секторы, BOTZ_KZ) ETF сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2026 жылдың 30 маусымынан бастап қайта басталады. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2026-06-24]