/KASE, 24.06.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Астана, 2026 жылғы 24 маусым – "ForteBank" АҚ жарғылық капиталын
46,1 млрд теңгеге ұлғайтты. Қосымша эмиссия нәтижесінде банктің
капиталы 890 млрд теңгеден асып, экономиканың нақты секторын
қаржыландыру мүмкіндіктері көбейді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтері 49%-ке өсіп,
6,1 трлн теңгеге жетті. Өткен жылы Банк "Home Credit Bank" АҚ-ны сатып
алу мәмілесін аяқтап, Қазақстан тарихында алғаш рет 400 млн АҚШ
доллары сомасына мерзімсіз AT1 субординацияланған облигациялар
шығарды. Сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарынан бірқатар ірі
көлемдегі қарыз қаражат тартты.
Акционерлер Банк стратегиясын іске асыру мақсатында 2025 жыл үшін
дивиденд төлемей, барлық пайданы капитал базасын одан әрі арттыруға
бағыттау туралы шешім қабылдады. Жарғылық капиталды қосымша ұлғайту
ForteBank-тің бизнесті қарқынды дамыту мен нарықтағы позициясын жүйелі
түрде нығайтуға басымдық беріп отырғанын көрсетеді.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық
нұсқасы орналастырылған –
https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_240626_1.pdf
[2026-06-24]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.