Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE Директорлар кеңесі "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне Abylai Global Solutions Ltd. жеке компаниясын қабылдау туралы шешім қабылдады

25.06.2026 14:44 · KASE члены kase принятие, исключение новости kase ·
/KASE, 25.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 
2026 жылдың 24 маусымындағы шешімімен Abylai Global Solutions Ltd. 
жеке компаниясы (Астана) "қор" және "деривативтер"санаттары бойынша 
KASE мүшелігіне қабылданды.

Директорлар кеңесінің "деривативтер" санаты бойынша KASE мүшелігіне 
Abylai Global Solutions Ltd. жеке компаниясын қабылдау туралы шешімі 
2026 жылдың 25 маусымынан бастап күшіне енеді.

Директорлар кеңесінің Abylai Global Solutions Ltd. жеке компаниясын "қор" 
санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешімі күшіне енген 
күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Осы санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналымға (сауда-саттыққа) 
жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен 
биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.

[2026-06-25]