01 шілдеден бастап Т+2 сызбасы бойынша қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша есеп айырысуларды жүргізу уақыты 17:30-дан 16:00-ге өзгертілетін болады
/KASE, 26.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE "Мәмілелер жасасу ережелері" жаңа ішкі құжатына сәйкес 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап Т+2 сызбасы бойынша мамандандырылған сауда-саттықтарда қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша есеп айырысуларды жүргізу уақыты Астана қаласы уақытының 17:30-дан 16:00-ге өзгертілетінін хабарлайды. [2026-06-26]