Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

30 маусымнан бастап "GoldFinMarket "Ломбард" ЖШС KZ2P00017072 (MFLGb27) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады

29.06.2026 16:38 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 29.06.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
30 маусымынан бастап "GoldFinMarket "Ломбард" ЖШС KZ2P00017072 
(KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFLGb27; 
1 000 теңге, 900,0 млн теңге; 25.06.26 – 25.06.27; ай сайынғы купон, жылдық 
22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне 
ауыстырылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының 
төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – 
қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFLGb27

[2026-06-29]