01 шілдеден бастап Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізілді
/KASE, 03.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2026 жылдың 18 маусымындағы шешімімен "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 4 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, аталған түзетулер 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді. Түзетулермен мыналар белгіленді: - эмитенттің максиалды үлес салмағы KASE Индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар санына байланысты анықталады; - KASE Индексінің өкілдік тізіміне KASE ресми тізімінің негізгі алаңындағы жай акциялар ғана енгізіле алады; - KASE есептейтін қор нарығының индекстері мен индикаторларының тізбесіне Қазақстан Республикасының резиденттері ішкі нарықта орналастырған корпоративтік облигациялар нарығының жиынтық номиналды құнын білдіретін CAPBONDlocal жаңа индикаторы енгізілді. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/information/rules ("Әдістемелер" қалташасы). [2026-07-03]