"RG Brands" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 07.07.26/ – "RG Brands" АҚ (KASE тикері – RGBR) 2026 жылдың 29 маусымында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - қоғамның 2025 жылға аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - қоғамның таза кірісін бөлмеу, сондай-ақ қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_results_290626_265.pdf [2026-07-07]