Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

07 шілдеден бастап "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ KZ2C00018737 (SEGRpp2) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

07.07.2026 18:48 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 07.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 07 шілдесінде "Екібастұз ГРЭС-2 
станциясы" АҚ (Екібастұз) KZ2C00018737 (SEGRpp2; 1 000 KZT, 
102,7 млрд KZT, 15 жыл; жарты жылдық купон, облигацияларды 
орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы 
бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларын "Жеке 
орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім 
қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 07 шілдеден бастап 
күшіне енеді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/SEGRpp2

[2026-07-07]