08 шілде күні Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3358410002 (BTRKe6) халықаралық облигацияларын жазылым арқылы кірістілігі жылдық 5,45 %-бен орналастыра отырып, $32,7 млн тартты
/KASE, 08.07.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3358410002,
US05709XAA81 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар", BTRKe6; $500,0 млн;
06.05.26 – 06.05.33; жарты жылдық купон, жылдық 5,20 %; 30/360)
облигацияларын оларға жазылу арқылы қосымша орналастыру жүргізілді.
Төменде сұраныс параметрлері және KASE-де жазылу нәтижелері
келтірілген.
Аталған облигацияларға жазылу кезінде KASE-де бірлескен жетекші
менеджер және букраннер ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті.
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
----------------------------------------------------- ---------------
Қатысушылар саны: 5
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді): 10 / 10
оның ішінде:
– шектелімді: 10 / 10
– нарықтық: 0 / 0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары: 35,9
оның ішінде
– шектелімді: 35,9
– нарықтық: 0,0
Берілген өтінімдер бойынша "таза" баға, номиналдан %
(барлығы / белсенді):
– минималды 98,5826
– максималды 98,8626
– орташа сараланған 98,5865
Берілген өтінімдер бойынша кірістілік, жылдық % (барлығы / белсенді):
– минималды 5,4000
– максималды 5,4500
– орташа сараланған 5,4493
---------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер-өтінімдерді беру кезеңі аяқталған сәтте
сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде,
Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде банктердің үлесіне – 36,0 %, басқа
институционалдық инвесторлардың үлесіне – 54,0 %, басқа заңды
тұлғалардың үлесіне – 8,3 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 1,7 % тиесілі
болды.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:
------------------------------------------------ ------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, 32 900 000
облигациялар:
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, 32 728 115,8
АҚШ доллары:
Қанағаттандырылған өтінімдер саны: 10
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 5
Қатысушылар шоттарының саны: 98,5820
Қанағаттандырылған өтінімдердегі "таза" баға, 5,4500
номиналдан %:
Облигациялардың сатып алушылар үшін кірістілігі, 32 900 000
жылдық %:
-------------------------------------------------------------
Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде орналастыру кезінде жалпы
көлемнің 39,5 % – банктер, 49,5 % – басқа институционалдық инвесторлар,
өзге заңды тұлғалар – 9,1 %, 1,8 % – жеке тұлғалар сатып алды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне
сәйкес сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысу аяқталған сәтте
осы орналастыру бойынша мәмілел толық орындалды.
Қосымша шығарылатын Еурооблигациялар бойынша 500 млн АҚШ доллары
сомасына бастапқы орналастырылған Еурооблигацияларға 2026 жылғы
мамырда берілген ISIN-ден өзгеше уақытша ISIN тағайындалғанына назар
аударамыз. Уақытша ISIN Еурооблигациялар қосымша орналастырылған
күннен (2026 жылғы 8 шілде) бастап 40 күн ішінде жарамды болады. АҚШ
инвесторлары шығарылған күннен бастап 40 күн ішінде сатып ала алмайтын
қосымша шығарылған Еурооблигациялар бастапқы шығарылған
облигациялардан өзгеше болуы үшін уақытша ISIN тағайындау АҚШ-тың
қолданыстағы бағалы қағаздар заңнамасына сәйкес талап етіледі. Осы 40
күндік кезең аяқталғаннан кейін Қосымша шығарылған Еурооблигациялар
бастапқыда орналастырылған Еурооблигациялармен біріктіріледі және
барлық Еурооблигациялар шығарылған күніне қарамастан, бастапқы
орналастырылған Еурооблигацияларға берілген бірдей ISIN-мен
саудаланады.
[2026-07-08]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.