Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

KASE 14 шілдеде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы бойынша медиа-брифинг өткізеді

10.07.2026 12:38 · KASE новости kase пресс-релизы, различные уведомления биржи корпоративтік оқиғалар ·
/KASE, 10.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 14 шілдеде 
сағат 11:00-де қазақстандық биржа нарығының 2026 жылдың бірінші 
жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысы бойынша медиа-брифинг 
өтетінін хабарлайды. Іс-шара барысында Қазақстанның қор нарығындағы 
динамика мен үрдістер, сондай-ақ KASE мен KASE клиринг орталығының 
(KACC) есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат ұсынылады.

Іс-шараның спикерлері:

- Әділ Мұхамеджанов, KASE Басқармасының төрағасы;

- Наталья Хорошевская, KACC Басқармасының төрағасы.

Баспасөз конференциясына қатысу үшін БАҚ өкілдері pr@kase.kz 
электрондық поштасы арқылы аккредитациядан өтуі қажет.

Іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" 
көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-қабат, KASE баспасөз 
залында өтеді, сондай-ақ оған онлайн форматта қатысуға болады.

KASE-нің журналистермен тұрақты түрде кездесу өткізуі – оның айқындық 
пен ашықтық қағидаттарына негізделген ақпараттық саясатының бір бөлігі.

[2026-07-10]