Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

10 шілдеден бастап "Лизинг Групп" АҚ-тың бес облигация шығарылымы KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізілді

10.07.2026 16:46 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 10.07.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 
жылғы 09 шілдеде "Лизинг Групп" АҚ-тың (Алматы) төменде көрсетілген 
облигацияларын KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "коммерциялық 
облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады:

1) KZ2C00018752 (LZGRb16; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 360 күн; 
   тоқсан сайынғы купон, оның мөлшері облигацияларды орналастыру 
   бойынша өткен алғашқы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 
   айқындалады; 30/360);

2) KZ2C00018794 (LZGRb17; 1 000 теңге, 2,5 млрд теңге; 90 күн; ай 
   сайынғы купон, оның мөлшері облигацияларды орналастыру бойынша 
   өткен алғашқы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалады; 
   30/360);

3) KZ2C00018786 (LZGRb18; 1 000 АҚШ доллары, 5,0 млн АҚШ 
   доллары; 180 күн; ай сайынғы купон, оның мөлшері облигацияларды 
   орналастыру бойынша өткен алғашқы сауда-саттықтың қорытындысы 
   бойынша айқындалады; 30/360);

4) KZ2C00018802 (LZGRb19; 1 000 АҚШ доллары, 5,0 млн АҚШ 
   доллары; 90 күн; ай сайынғы купон, оның мөлшері облигацияларды 
   орналастыру бойынша өткен алғашқы сауда-саттықтың қорытындысы 
   бойынша айқындалады; 30/360);

5) KZ2C00018810 (LZGRb20; 1 000 АҚШ доллары, 5,0 млн АҚШ 
   доллары; 360 күн; тоқсан сайынғы купон, оның мөлшері облигацияларды 
   орналастыру бойынша өткен алғашқы сауда-саттықтың қорытындысы 
   бойынша айқындалады; 30/360).

Басқарманың осы шешімі 2026 жылғы 10 шілдеден бастап күшіне енеді.

Осы облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылатыны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Осы облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланған: https://kase.kz/ru/listing/issuers/LZGR

[2026-07-10]