Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

20 тамызда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

17.07.2026 10:00 · KASE корпоративтік оқиғалар собрания (уведомления о проведении) новости эмитентов ·
/KASE, 17.07.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) 
былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңының 
35 бабына, 37- бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және 
3 тармағының 3) тармақшасына және 41-бабына сәйкес "Қазақстан Халық 
Банкі" АҚ Директорлар кеңесі жиналысты шақырудың бастамашысы ретінде 
2026 жылғы 20 тамызда акционерлердің жалпы жиналысының отырысын 
өткізбестен, сырттай дауыс беру арқылы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ 
акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің 
жалпы жиналысы) өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің 
тізімі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акцияларын ұстаушылары тізілімі жүйесінің 
2026 жылғы 20 шілдедегі жағдайының деректері бойынша құрылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы 
   жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер 
   төлеу жөнінде шешім қабылдау туралы. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның 
   бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/6615-inf-soobshch-vosa.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_170726_1.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs__170726_en.pdf

[2026-07-17]