Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

17 шілде күні Қазақстан қор биржасында жеті облыстың әкімдіктері 51,2 млрд KZT тартты

17.07.2026 16:55 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 17.07.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының тоғыз 
шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 
өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі 
облигациялар орналастырылды:

1) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003523 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, JTK047_352; 1 000 KZT, 
   11 430 760 000 KZT; 17.07.26 – 17.06.30; жарты жылдық купон, жылдық 
   15,10 %; 30/360) 11,4 млрд KZT;

2) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003531 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, AKK047_353; 1 000 KZT, 
   569 240 000 KZT; 17.07.26 – 17.06.30; жарты жылдық купон, жылдық 
   15,10 %; 30/360) 0,6 млрд KZT;

3) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003549 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK084_354; 1 000 KZT, 
   2 302 663 000 KZT; 17.07.26 – 17.07.33; жылдық купон, жылдық 13,00 %; 
   30/360) 2,3 млрд KZT;

4) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003556 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK120_355; 1 000 KZT, 
   767 555 000 KZT; 10 жыл; жылдық купон, жылдық 13,00 %; 30/360) 
   0,8 млрд KZT;

5) Алматы облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003564 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ATK047_356; 1 000 KZT, 
   3 561 828 000 KZT; 17.07.26 – 17.07.36; жарты жылдық купон, жылдық 
   15,10 %; 30/360) 3,6 млрд KZT;

6) Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003572 (ZKK047_357; 1 000 KZT, 8 000 000 000 KZT; 17.07.26 – 
   17.06.30; жарты жылдық купон, жылдық 16,80 %; 30/360) 8,0 млрд KZT;

7) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003580 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK047_358; 
   1 000 KZT, 7 000 000 000 KZT; 17.07.26 – 17.06.30; жарты жылдық купон, 
   жылдық 15,10 %; 30/360) 7,0 млрд KZT;

8) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының 
   KZMJ00003598 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, VKK047_359; 
   1 000 KZT, 13 000 000 000 KZT; 17.07.26 – 17.06.30; жарты жылдық 
   купон, жылдық 16,80 %; 30/360) 13,0 млрд KZT;

9) Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003606 
   ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KOK047_360; 1 000 KZT, 
   4 547 602 000 KZT; 17.07.26 – 17.06.30; жарты жылдық купон, жылдық 
   16,80 %; 30/360) 4,5 млрд KZT.

Аталған облигациялар сарқынды суларды тазарту құрылыстарының 
кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен 
жүйелерін салуды және жаңғыртуды (реконструкциялауды, күрделі 
жөндеуді) қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына 
үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үй және (немесе) пәтерлер салуды 
және (немесе) сатып алуды, кері сатып алуды қаржыландыру мақсатында 
шығарылды.

[2026-07-17]