2026 жылғы 27 шілдеден бастап KASE-де Азия даму банкінің XS2971950428 (ASDBe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды
/KASE, 27.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 27 шілдеден бастап KASE-де Азия даму банкінің XS2971950428 халықаралық облигацияларымен ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, ASDBe19) сауда-саттық қайта басталғанын хабарлайды. Осы облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2026 жылғы 21 сәуірден бастап тоқтатылған болатын. Аталған облигациялармен сауда-саттық шығарылым проспектісінің талаптарына сәйкес осы облигацияларды ішінара өтеу рәсімінің аяқталуына байланысты қайта басталды. Осыған дейін аталған мәселе бойынша KASE-нің 2026 жылғы 20 сәуірдегі "2026 жылғы 21 сәуірден бастап KASE-де Азия даму банкінің XS2971950428 (ASDBe19) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады" атты жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланған – https://kase.kz/ru/information/news/show/1564641 [2026-07-27]