Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

31 шілдеден бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық уақытша тоқтатылады

30.07.2026 16:53 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 30.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 31 шілдеден 
бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен жүргізілетін репо 
операциялары бойынша сауда-саттық режімдерінде мынадай жай 
акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылатынын хабарлайды:

1)  US3453708600 (KASE Global секторы, F_KZ) Ford Motor Company 
   акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 11 тамызға және 
   одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 13 
   тамыздан бастап қайта басталады;

2)  US70450Y1038 (KASE Global секторы, PYPL_KZ) PayPal Holdings Inc. 
   акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 04 қыркүйекке және 
   одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 07 
   қыркүйектен бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Сауда-саттық жүргізу ережелері" атты ішкі 
құжатының 13-тарауының 77-тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-
де көрсетілген акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін акционерлер 
тізілімін тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-07-30]