31 шілдеден бастап OQAM Finance Ltd. жеке компаниясы KASE-де қор нарығы мен туынды қаржы құралдары нарығының қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысуға жіберілді
/KASE, 31.07.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2026 жылғы 31 шілдеден бастап OQAM Finance Ltd. жеке компаниясы KASE-де қор нарығы мен туынды қаржы құралдары нарығының қаржы құралдарымен сауда-саттыққа қатысуға және репо операцияларын жүзеге асыруға жіберілді. Осы тақырып бойынша бұған дейін KASE мынадай жаңалықтарды жариялаған болатын: - 2026 жылғы 30 маусымда – "2026 жылғы 02 шілдеден бастап OQAM Finance Ltd. жеке компаниясы "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды" – https://kase.kz/ru/information/news/show/1570180; - 2026 жылғы 25 маусымда – "KASE Директорлар кеңесі OQAM Finance Ltd. жекеше компаниясын "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады" – https://kase.kz/ru/information/news/show/1569553. [2026-07-31]