/KASE, 03.08.26/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE)
2026 жылғы шілде айындағы Қазақстанның өңдеуші салаларындағы іскерлік
белсенділік индексіне (PMI) шолуды ұсынды.
Төменде Freedom Holding Operations ЖШС-ның экономикалық зерттеулер
және талдау бөлімінің басшысы Салтанат Мұхамбетәлиеваның түсіндірмесі
келтірілген:
"Шілде айында Қазақстанның өңдеуші салаларындағы құлдырау күшейе
түсті. Ең айқын нашарлау азық-түлік өнеркәсібінде байқалды, мұнда
статистика бойынша бөлшек тауар айналымының өсуі жалғасқанына
қарамастан, жаңа тапсырыстар ең көп азайды. Бұл өсімнің негізінен нақты
сату көлемінің ұлғаюынан емес, бағаның өсуінен қамтамасыз етіліп
отырғанын көрсетеді. Мұндай жағдайда тапсырыстардың қысқаруы, банк
кредиттеу шарттарының қатаюы аясында айналым қаражатын
қаржыландыру тапшылығын көрсетуі ықтимал. Бизнестің алдағы бір жылға
болжамы соңғы алты жылдан астам уақыт ішіндегі ең төменгі деңгейге түсті.
Мұны біз орындалмаған тапсырыстар көрсеткішінің қатарынан үш ай бойы
тарихи ең төменгі деңгейде сақталуымен де байланыстырамыз (бұрын
алынған тапсырыстар жаңасына қарағанда жылдамырақ орындалады). Бұл
сектордың сұраныстың одан әрі әлсіреуіне негіз болатын осалдығын
арттырады және алдағы айларда да күрделі жағдайдың сақталуы мүмкін
екенін жоққа шығармайды. Саланы қолдауға Ұлттық Банктің ақша-кредит
саясатын біртіндеп жұмсарту циклінің жалғасуы ықпал етуі мүмкін. Алайда
базалық мөлшерлеменің төмендеуінің әсері бірден байқалмайды – әдетте
мұндай шешімдердің трансмиссиясы белгілі бір уақыт кідірісімен жүзеге
асады және нарықтық жағдайларға байланысты болады. Сондықтан
қаржыландыру шарттарының жақсарғанын кәсіпорындар тек ортамерзімді
перспективада сезіне алады".
Қазақ тіліндегі шолу:
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_KAZ_2607_PR_985e645f50.pdf
Орыс тіліндегі шолу:
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_RUS_2607_PR_ca7be2166e.pdf
Ағылшын тіліндегі шолу:
https://kase.kz/uploads/KZ_Manufacturing_ENG_2607_PR_80dd76bef3.pdf
[2026-08-03]
Биржа хабарламаларын автоматты өңдеу және бағалау қағидаттары
01
Нарықтық маңыздылығы (Impact Score 1-ден 5-ке дейін)
Оценка потенциальной силы влияния события на котировки, ликвидность и баланс спроса и предложения. 1 балл — дежурные процедурные уведомления; 3 балла — регулярные выплаты купонов и финотчёты; 5 баллов — крупные дивиденды, M&A, делистинги и макроэкономические сдвиги.
02
Сентимент (Sentiment Analysis)
Инвестор ұстанымына әсер ету бағыты: оң (кірістілік, бизнесті кеңейту, мықты көрсеткіштер), теріс (шығындар, тәуекелдер, төлемдердің кешігуі) немесе бейтарап (биржаның техникалық регламенттері).
03
Мәндерді тану (NER) және шуды сүзу
Акция тикерлерін, облигациялар мен валюталар шығарылымдарын автоматты түрде бөліп алу. Негізгі фактілерді, портфельге әсерін және қадағалау триггерлерін тіркей отырып, қайталанатын хабарламаларды сүзу.
04
Деректерді құрылымдау (JSON)
Тез қабылдау және талдау жүйелеріне біріктіру үшін ақпаратты ашудың тұтас мәтіндерін бірыңғай машина оқи алатын форматқа түрлендіру.