04 тамыздан бастап "QARABULAQ GOLD" ЖШС-ның KZ2P00019078 (QGLDb1) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатына енгізілді
/KASE, 26.08.04/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) Листинг комиссиясы 2026 жылғы 04 тамызда "QARABULAQ GOLD" ЖШС-ның (Степногорск) KZ2P00019078 облигацияларын (QGLDb1; $1 000; $15,0 млн; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 10,00 %; 30/360) KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санатына енгізу туралы шешім қабылдады. Листинг комиссияcsның бұл шешімі 2026 жылғы 04 тамыздан бастап күшіне енді. Аталған облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. "QARABULAQ GOLD" ЖШС-ның қаржылық консультанты – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ. "QARABULAQ GOLD" ЖШС қызметінің негізгі түрі – асыл (бағалы) металдарды өндіру. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/ru/investors/bonds/QGLDb1 сілтемесі бойынша жарияланған. [2026-08-04]