Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

05 тамыздан бастап KASE-де үш атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылды

05.08.2026 09:09 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 05.08.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 05 
тамыздан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен өткізілетін 
сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай жай 
акциялармен сауда-саттықтың уақытша тоқтатылғанын хабарлайды:

1) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc. акциялары 
   бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 10 тамызға және одан кейінгі 
   күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 12 тамыздан 
   бастап қайта басталады;

2) US30233Q1085 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) Exxon Mobil 
   Corporation акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 17 
   тамызға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 
   2026 жылғы 19 тамыздан бастап қайта басталады;

3) US1667641005 ("KASE Global" секторы, CVX_KZ) Chevron Corporation 
   акциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылғы 19 тамызға және 
   одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер. Сауда-саттық 2026 жылғы 21 
   тамыздан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-де аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін 
тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты KASE-нің "Сауда-
саттықты жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-тарауының 77-
тармағының 12) тармақшасына сәйкес уақытша тоқтатылды.

[2026-08-05]