Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

13 тамыздан бастап "BASS Gold" ЖШС KZ2P00019169 (FPSTb13) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

13.08.2026 12:48 · KASE инструменты включение, исключение, перевод цб новости kase ·
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік 
комиссиясы 2026 жылдың 11 тамызында "BASS Gold" ЖШС (Ұлытау обл.) 
KZ2P00019169 (FPSTb13; $100, $20,0 млн; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 
10,50%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты 
бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 13 тамызынан бастап 
күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы 
қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/FPSTb13

[2026-08-13]