Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

14 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00018930 (MFSCb15) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

13.08.2026 16:42 · KASE инструменты торги - открытие, приостановление, возобновление торгов новости kase ·
/KASE, 13.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 
14 тамызынан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС 
KZ2P00018930 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb15; 
$100, $3,0 млн; 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 10,50%; 30/360) 
облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу 
дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" 
бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу 
валютасы – АҚШ доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына 
сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/investors/bonds/MFSCb15

[2026-08-13]