Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ және KazMunaiGaz Finance Sub B. V. xs1807300105, US48667QAQ82 (KMGZe14) халықаралық облигацияларын сатып алу туралы тендерлік ұсыныстар жариялайды

19.08.2026 17:37 · KASE Облигации и купоны корпоративтік оқиғалар пресс-релизы новости эмитентов ·
/KASE, 19.08.26/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – 
KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (бұдан әрі – "Эмитент") және KazMunaiGaz Finance Sub 
B.V. (бұдан әрі – "KMG Finance", ал Эмитентпен бірге – "Оференттер") бүгін 
әрбір ұстаушыға (бұдан әрі – "Ұстаушылар") (ұсыныс пен бөлуге белгілі бір 
шектеулерді ескере отырып) төмендегі кестеде көрсетілген максималды 
негізгі сомаға дейін (мұндай сома "Тендердің максималды сомасы" деп 
аталады) 5,375% мөлшерлемемен және 2030 жылы өтеу мерзімімен 
1 250 000 000 АҚШ доллары сомасына (оның ішінде 1 250 000 000 АҚШ 
доллары негізгі сомасы өтелмеген күйінде қалады) Эмитенттің 
облигацияларын қолма-қол қаражатқа сатып алуға шақыруды жариялайды 
(бұдан әрі – "Облигациялар" және "Тендерлік ұсыныс").

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/5619-uvedomlenie-kaz.pdf

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_190826.pdf

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – 
https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs__190826_eng.pdf

[2026-08-19]