Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

24 тамыздан бастап үш атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

20.08.2026 17:10 · KASE Регламент и торги новости kacc новости новости клирингового центра ·
/KACC, 20.08.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық 
тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 24 тамызындан 
бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен 
мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне 
(Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша 
міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының 
тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар қосылады:

1) "Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ KZ2C00015188 (KASE негізгі 
   алаңы,"облигациялар" санаты, KFUSb113) – Т+ Тізімі және Т+ 
   Қамтамасыз ету тізімі;

2) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017473 (KASE негізгі 
   алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, HCBNb23) – Т+ Тізімі;

3) "Home Credit Bank" АҚ ("Forte Bank" АҚ ЕБ) KZ2C00017515 (KASE негізгі 
   алаңы,"облигациялар" санаты, HCBNb28) – Т+ Тізімі.

Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу 
тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған 
https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf

[2026-08-20]