"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қорытындылар туралы хабарлайды
/KASE, 15.04.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылдың I тоқсанының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 11 млн 947 мың тоннаны құрады, бұл 2025 жылғы I тоқсандағы көрсеткіштен 705 мың тоннаға артық. Жеке "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 11 млн 744 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 833 мың тоннаға артық. I тоқсанда мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 11 млрд 232 млн тоннакилометрді құрады, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 36 мың тоннакилометрге артық. Жеке "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесіндегі мұнай жүк айналымы 8 млрд 635 млн тонна-километрді құрады. дәйексөздің соңы Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/7307-20260415-press-reliz.pdf Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150426_1.pdf Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_150426_eng.pdf
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 25.11.2026
Дивиденды по акциям в Казахстане
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026