18 тамызда Қазақстан қор биржасында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003119 (DZK024_311) 1,4 млн облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді
Хабарламадағы бағалы қағаз:
DZK024_311
Жамбыл облысы әкімдігі · KASE →
/KASE, 17.08.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 18 тамызында KASE сауда-саттық жүйесінде Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003119 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, DZK024_311; 1 000 теңге, 5 433 380 000 теңге; 20.05.26 – 20.05.28; жарты жылдық купон, 0,35% жылдық; 30/360) облигацияларының 1 376 637 данасы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін жүзеге асырылады. Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026
- Итоги торгов KASE 16.11.2026
- Итоги торгов KASE 13.11.2026