Нарық
23.11.2026

Бүгін Қазақстан қор биржасында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00003119 (DZK024_311) 1,4 млн облигациясын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

18.08.2026 09:53 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: DZK024_311 Жамбыл облысы әкімдігі · KASE →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 18.08.26/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасы (KASE) сауда-саттық жүйесінде Жамбыл облысының жергілікті 
атқарушы органының KZMJ00003119 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" 
секторы, DZK024_311; 1 000 KZT, 5 433 380 000 теңге; 20.05.26 – 20.05.28; 
жарты жылдық купон, 0,35% жылдық; 30/360) облигацияларының 
1 376 637 данасы орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 
өтетінін хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz