Нарық
23.11.2026

Бүгін KASE де Түркістан облысының жергілікті атқарушы органы облигацияларының үш шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда саттық өткізілуде

19.08.2026 09:19 · KASE Листинг и размещения торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 19.08.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық 
жүйесінде Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының мынадай 
облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі:

1) KZMJ00003952 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK120_395; 
   1 000 KZT, 585 282 000 KZT; 10 жыл; жылжылдық купон, жылдық 
   14,31%; 30/360) 585 282 данасы;

2) KZMJ00003960 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK084_396; 
   1 000 KZT, 1 755 851 000 KZT; 7 жыл; жылжылдық купон, жылдық 
   14,31%; 30/360) 1 755 851 данасы;

3) KZMJ00003978 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK060_397; 
   1 000 KZT, 453 406 000 KZT; 5 жыл; жылжылдық купон, жылдық 14,31%; 
   30/360) 453 406 данасы.

Өтінімдерді қабылдау Астана қ. уақытымен 14:00-ден 15:30-ға дейін, 
есептесулерді жүзеге асыру уақыты – Астана қ. уақытымен 16:00-ге дейін 
жүзеге асырылады.

Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен 
үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) 
көрсетілуі тиіс.

Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны 
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе 
еселенген болуы тиіс. Лоттың мөлшері – 1 облигация.

Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір 
облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере 
отырып) туындысы көрсетілуі тиіс.

Сауда-саттыққа KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген 
шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: 
бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша, қарсылама өтінімдерді қабылдау 
уақыты бойынша.

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz