06 қаңтарда KASE-де есеп айырысуы 09 қаңтарда жүргізілетін KZKD00001269 (MUM120_0020) МЕУКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
Хабарламадағы бағалы қағаз:
MUM120_0020
ҚаржыМин · KASE · 99,84 ₸ (24.11.2026) →
/KASE, 06.01.26/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің есеп айырысуы 2026 жылғы 09 қаңтарда жүргізілетін KZKD00001269 (MUM120_0020) мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE хабарламасына сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 25 645 117 000 теңгені құрайтын өтінімдерді қанағаттандырды, шекті бағаны номиналды құнының 92,2223% деңгейінде белгіледі (кірістілік – жылдық 15,64 %). Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналдың 92,7293% құрады (кірістілік – жылдық 15,53%). Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
Читайте Finspot в Telegram
Подписаться@finspotkz- Итоги торгов KASE 24.11.2026
Как выбрать брокера в Казахстане- Итоги торгов KASE 23.11.2026
Как купить акции на бирже в Казахстане- Итоги недели на KASE 16–20 ноября 2026: индекс −0,55%, лидер AIRA +3,31%, доллар +2,41%
Что означает код KZIKb27.KZ?- Итоги торгов KASE 20.11.2026
- Итоги торгов KASE 19.11.2026
- Итоги торгов KASE 18.11.2026
- Итоги торгов KASE 17.11.2026