Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

13 қаңтар күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 15 желтоқсанда болатын МЕУКАМ KZKD00001285 (MUM084_0020) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

13.01.2026 15:20 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 13.01.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
15 желтоқсанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) 
KZKD00001285 (MUM084_0020) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 22 718 748 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 95,1756 % (кірістілік – жылдық 15,85 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 96,2407 % құрады (кірістілік – жылдық 15,56 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 15 желтоқсанда болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 6,2 жыл МЕУКАМ KZKD00001285 
(MUM084_0020) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/kz/information/news/show/1558480

[2026-01-13]