Нарық
24.11.2026

Бүгін сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 ақпанда болатын, өтеуге дейін мерзімі 11 жыл МЕУКАМ KZKD00001194 (MUM180_0016) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

10.02.2026 15:24 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase
Хабарламадағы бағалы қағаз: MUM180_0016 ҚаржыМин · KASE · 85,75 ₸ (11.11.2026) →
БөлісуTelegramWhatsApp
/KASE, 10.02.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгін сағат 15:30-дан 
16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық 
міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша 
мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда 
өткізілетінін хабарлайды (Астана қ.уақыты).

-----------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                          MUM180_0016                 
Бағалы қағаздардың түрі:                         МЕУКАМ                      
ISIN:                                            KZKD00001194                
Номиналды құны, теңге:                           1 000                       
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана:        402 365 042                 
Айналысқа жіберу күні:                           28.01.22                    
Айналыста болудың соңғы күні:                    27.01.37                    
Өтеу мерзімі:                                    28.01.37                    
Айналыста болу мерзімі:                          15 жыл (5 400 күн)          
Купондық мөлшерлеме, жылдық %:                   11,05                       
Купонды төлеу мерзімділігі:                      жылына 1 рет                
Купон төлемдерін бастау күндері:                 жыл сайын 28 қаңтарда       
Уақыттық базасы:                                 30 / 360                    
------------------------------------------------ ----------------------------
Сауда-саттық күні:                               10.02.26                    
Өтеуге дейін мерзімі:                            11 жыл (3 948 күн)          
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге:    15 000,0                    
Сауда-саттық заты:                               "таза" баға                 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0                           
Өтінім беру тәсілі:                              жабық                       
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                     15:30–16:00                 
Өтінімдерді растау уақыты:                       15:30–16:00                 
Кесім уақыты:                                    17:00 дейін (Т+0)           
Төлеу күні және уақыты:                          12.02.26                    
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:     кесімді бағаға тең немесе   
                                                 сатушы үшін ұтымдырақ       
                                                 болатын қарсылама шектелімді
                                                 өтінімдердің бағасы бойынша 
-----------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген 
номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" 
(жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша 
жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде 
көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ 
(Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер 
бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша 
шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін 
жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда-
саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер 
қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).
Об эмитенте ҚаржыМин MFRK · БСН 201040000013
MUM180_0016 · KASE 85,75₸ мәміле 11.11.2026

Читайте Finspot в Telegram

Подписаться@finspotkz