Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

24 ақпан күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 ақпанында болатын МЕОКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

24.02.2026 15:18 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 24.02.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
26 ақпанында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) 
KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша қайталама 
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 35 040 859 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 98,9053 % (кірістілік – жылдық 16,05 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 98,9365 % құрады (кірістілік – жылдық 16,03 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 ақпанында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 1,7 жыл МЕОКАМ KZK200000737 
(MOM060_0054) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1561118

[2026-02-24]