Ұлттық Банк бағамы
09.10.2026

10 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 наурызында болатын МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

10.03.2026 15:10 · KASE торговая информация анонсы и результаты размещений новости kase ·
/KASE, 10.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор 
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 
12 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері 
(МУИКАМ) KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша 
қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы 
сомасы 42 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу 
бағасын номиналдан 94,6773 % (кірістілік – жылдық 16,00 %) деңгейінде 
белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға 
номиналдың 95,5171 % құрады (кірістілік – жылдық 15,74 %).

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген 
жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 12 наурызында болатын 
және өтелгенге дейінгі мерзімі 5,1 жыл МУИКАМ KZKB00000040 
(MUX072_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған 
сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша 
жарияланды https://kase.kz/ru/information/news/show/1561977

[2026-03-10]